Қоғам

Қысқа-нұсқа

Облыста хирургиялық ота жасайтын құрал-саймандар шығарылуы мүмкін.

Бұл үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Семей медициналық университеті келісімге келіп отыр. Құрал-саймандар жасау үшін тиісті жабдықтар қажет. Екі университет атқарылатын жұмыс алгоритмін құруда. Содан кейін қаржы бөлетін инвестор іздестірілетін болады.

Жыл басынан СЭС мамандары облыс дүкендеріндегі азық-түлік өнімдерінен 944 сынама алған.

Тексеру барысында 13 тауардың жарамдылық мерзімі өткені, 4 тауардың микробиологиялық талаптарға сай келмейтіні анықталды. Нәтижесінде сатушылар мен өндірушілерге 120 ұйғарым беріліп, 72,3 келі тамақ өнімі сатудан алынды

Осы айдарда

Back to top button