Қоғам

Қысқа-нұсқа

Жыл басынан бері облыста балабақшалар қызметіне қатысты ата-аналардан бес шағым түскен.

Өңірде 357 балабақша бар, оның 206-сы – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік. Ата-аналар көбіне балабақша қызметкерлерінің әрекетіне наразылық білдіреді. Балабақшалар жұмысына тұрғындар 700-800 телефоны арқылы шағымдана алады.

Енді колледжге түсу кезінде талапкерлерге емтихандар тапсырудың қажеті жоқ.

Орта-арнайы оқу орындарына түсудің жаңа ережелері бекітілді. Енді түлектер түсу емтихандарын тапсырмайды. Медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсетін балалар ғана арнайы емтихан тапсырады.

Катонқарағай ауданында Balkaragai Tunes халықаралық музыкалық фестивалі өтті.

Этнофестивальдің түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайда өтуі кездейсоқ емес. Фестиваль жұлдыздары еліміздің танымал этномузыканты Еділ Құсайынов, тывалық Одучу тобы, этноджаз стилінде өнер көрсететін Steppe Sons тобы болды.

Осы айдарда

Back to top button