Қоғам

Қысқа-нұсқа

Бұқтырма су қоймасының жағалауында кәсіпкерлер мен тұрғындарға жер беру уақытша тоқтатылады.

Жағалаудағы бос жер телімдерінде салынып жатқан үйлердің бәрі заң талаптарына сай емес. Сол себепті құрылыстар тоқтатылып, демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жағалауды дамытудың бас жоспары әзірленетін болады. Оған дейін жер беру тоқтатылады.

Облыс аумағында заңсыз жұмыс істеген бес шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Көші-қон қызметінің мамандары шетелдік азаматтардың мекенжайларын тексеру кезінде рұқсатсыз жұмыс істеген 5 өзбек азаматын анықтады. Сондай-ақ шетелдіктерге заңсыз жұмыс ұсынған ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы айдарда

Back to top button