ҚоғамТОП

Қырықтан астам кәсіпкермен меморандум жасалды

Өскеменде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 11-нің бағасы тұрақтандырылды.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ақпараты бойынша, қазір сауда павильондарында бағаны тұрақтандыру бағдарламасы аясында өнімдер төменде көрсетілген бағамен сатылып жатыр:

– Картоп – 120 тг/кг;

– Сәбіз – 120 тг/кг;

– Пияз – 110 тг/кг;

– Қырыққабат – 100 тг/кг;

– Жұмыртқа (1 санат) – 57 тг/дана;

– Ас тұзы («Экстрадан» басқасы) – 70 тг/кг.

– Қарақұмық – 250 тг/кг;

– Макарон – 285 тг/кг;

– Қант – 437 тг/кг;

– Күріш – 460 тг/кг;

– Күнбағыс майы – 630 тг/л.

Бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі облыстық комиссияның шешімдеріне сәйкес, 2023-2024 жылғы қысқы маусымаралық кезеңге бағаны тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектісі – «Агрофирма «Приречное» ЖШС-не қарыз берілген.

Қарыз шартының талаптарына сәйкес жеміс-көкөніс өнімдерінің мынадай көлеміне келісімшарт жасалды:

Картоп 120 теңге – 5 500 тонна;

Сәбіз    120 теңге – 1 550 тонна;

Пияз    110 теңге – 1 400 тонна;

Қырыққабат 100 теңге – 1 400 тонна.

Жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу күн сайын сауда нүктелерінің тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыс істеп тұрған павильондар:

  1. «Жастар» дүкені ауданы, Потанин, 31.
  2. «Ровесник» дүкені ауданы, Серікбаев, 27.
  3. Қабанбай батыр, 162.
  4. Назарбаев, 84.
  5. Күленов кенті, Молдағұлова, 17/1.
  6. ЖМК, Сәтпаев, 15.
  7. Защита, Вострецов, 19.
  8. Өтепов, 24.
  9. Ульяновский, 85, 87.
  10. Машиностроителей, 2.
  11. Гагарин бульвары, 25.
  12. Михаэлис, 20.
  13. ЖМК, Өтепов, 2.
  14. Красин, 1/1.
  15. Джек Лондон, 26/3.
  16. Қабанбай батыр, 15.

Конкурстық рәсімдер аяқталып, жақын арада іске қосылатын павильондар:

  1. Қазақстан көшесі, 72.
  2. Индустриальный, 1а .
  3. Есенберлин, №6А.
  4. Қабанбай батыр, 91.
  5. Өзен вокзалы, Славский жағалауы, 3.
  6. Лихарев, 11.

Конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқан павильондар:

  1. Космический көшесі, 21.
  2. Назарбаев даңғылы, 27.

 

– Сондай-ақ қала тұрғындарын географиялық жағынан көбірек қамту мақсатында 42 кәсіпкермен меморандум жасалды. Бұл серіктес дүкендер тұрақтандыру бағдарламасының өнімдерін өз бағасына сатады, – деп хабарлады «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілі Инабат Қайсанова.

Осы айдарда

Back to top button