Өскеменде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 11-нің бағасы тұрақтандырылды.
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ақпараты бойынша, қазір сауда павильондарында бағаны тұрақтандыру бағдарламасы аясында өнімдер төменде көрсетілген бағамен сатылып жатыр:
– Картоп – 120 тг/кг;
– Сәбіз – 120 тг/кг;
– Пияз – 110 тг/кг;
– Қырыққабат – 100 тг/кг;
– Жұмыртқа (1 санат) – 57 тг/дана;
– Ас тұзы («Экстрадан» басқасы) – 70 тг/кг.
– Қарақұмық – 250 тг/кг;
– Макарон – 285 тг/кг;
– Қант – 437 тг/кг;
– Күріш – 460 тг/кг;
– Күнбағыс майы – 630 тг/л.
Бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі облыстық комиссияның шешімдеріне сәйкес, 2023-2024 жылғы қысқы маусымаралық кезеңге бағаны тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектісі – «Агрофирма «Приречное» ЖШС-не қарыз берілген.
Қарыз шартының талаптарына сәйкес жеміс-көкөніс өнімдерінің мынадай көлеміне келісімшарт жасалды:
Картоп 120 теңге – 5 500 тонна;
Сәбіз 120 теңге – 1 550 тонна;
Пияз 110 теңге – 1 400 тонна;
Қырыққабат 100 теңге – 1 400 тонна.
Жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу күн сайын сауда нүктелерінің тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыс істеп тұрған павильондар:
- «Жастар» дүкені ауданы, Потанин, 31.
- «Ровесник» дүкені ауданы, Серікбаев, 27.
- Қабанбай батыр, 162.
- Назарбаев, 84.
- Күленов кенті, Молдағұлова, 17/1.
- ЖМК, Сәтпаев, 15.
- Защита, Вострецов, 19.
- Өтепов, 24.
- Ульяновский, 85, 87.
- Машиностроителей, 2.
- Гагарин бульвары, 25.
- Михаэлис, 20.
- ЖМК, Өтепов, 2.
- Красин, 1/1.
- Джек Лондон, 26/3.
- Қабанбай батыр, 15.
Конкурстық рәсімдер аяқталып, жақын арада іске қосылатын павильондар:
- Қазақстан көшесі, 72.
- Индустриальный, 1а .
- Есенберлин, №6А.
- Қабанбай батыр, 91.
- Өзен вокзалы, Славский жағалауы, 3.
- Лихарев, 11.
Конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқан павильондар:
- Космический көшесі, 21.
- Назарбаев даңғылы, 27.
– Сондай-ақ қала тұрғындарын географиялық жағынан көбірек қамту мақсатында 42 кәсіпкермен меморандум жасалды. Бұл серіктес дүкендер тұрақтандыру бағдарламасының өнімдерін өз бағасына сатады, – деп хабарлады «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілі Инабат Қайсанова.