Қоғам

«Қынаменде», ойнап-күл құдамен де…

Салт-дәстүр

Біз ежелден езуімізден күлкі кетпеген еркін халық едік. Сондықтан да болар қазақ арасында сатиралық бағыттағы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптық ойындар қатты дамыған. Соның бірі – «қынаменде» дәстүрі.

Ұлтының қамын ойлаған халықтың бар мақсаты ұлын ұяға, қызын қаияға қондыру. Бұл бастама көптеген дәстүрге дәнекер болады. Біз шанышар, ұрын бару, сырға салу, сөз салу, құда түсу,  қыз ұзату, келін түсіру деген саияқты жалғаса береді. Осы қатардағы ойын-күлкінің бастауы болып, таныстықтың тамырына қан жүгіртетін дәстүрі – қынаменде.

Құда болдың мың жылдық туыс болдың деген сөз. Сондықтан да ағайын арасынды айтылар әңгімеге арқау болар ортақ қызықтардың болғаны жөн деп білген қазақ «қынаменде» дәстүрін жасаған. Ондағы мақсат жаңа құдалармен жақындаса түсу.  Далалық дәстүрге тән әзіл-оспақ арқылы ойын күлкіні қыздыру. Бұны құдды бір құдалардың арасында қойылған театрландырылған қойылым дерсіз. Бұл да юмардың бір түрі.

Жиылған жұртты күлдіру мақсатында қонақ бола келген бас құданы шаңыраққа екі қолтығынан асып қояды. Сосын құдаға; «Құдеке, су ішіңіз, тамақ алыңыз! Ат болып кісінеңіз, ит болып үріңіз», деп қалжыңдасып, неше түрлі өнер көрсетуін өтінеді. Бұл жердегі құданы басты назарға алуындағы мақсат «Құда – мың жылдық», дейді, болашақ туыстарымен ара-қатынасты жақсарту, елді күлкіге қарық қылдыруда жатыр. Құдаларды тізеге баса отырып күлдіреді екен. Құданы ортаға алып жиналған жұрт күлкіге батып жатқанда, ауыл ақсақалы келіп «Қанекей, құданы қинамаңдар!», дейді екен. Ал қаныменде сөзінің өзі «қинамаңдар» сөзінен шыққан болуы да мүмкін. Бұл дәстүрде болған қызықтар жылдар бойы құдалардың арасында айтылар әңгімеге арқау болып қалады екен.

Дайындаған – Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button