Құймышақтағы құпия «чип»

Соңғы кезде жаһан жұртын толғандырған жаңалықтардың бірі – адам денесіне қойылатын чип туралы болды. Бұл бастаманың жүзеге асуы уақыттың еншісіндегі дүние. Алайда адам баласы өзінің құймышағында ақпаратты сақтайтын «чип» барын біле ме? Бұл ақиқат па, аңыз ба?
Қашанда күмәнді ойдан болып санада сауал көп туындайды. Мені: – кез келген адам өмірден өткеннен кейін санасындағы ақпарат қайда кетеді?, – деген қызық сауал толғандыратын. Интернетті ақтарып отырып осы ойыма қатысты ақпаратты көзім шалды. Бұл ой мен ақпараттың дұрыс-бұрысын әркім өзі ажыратып алар.
Адам бойындағы барлық ақпарат құймышақта сақталады екен. Жаһан жұрты жар салып жүрген «чиптің» рөлін осы құймышақ атқарып тұр деседі ғалымдар. Оған нақты дәлел іздеген ғалымдар бірнеше тәжірибе жасап көріпті. Мысалы, Йеменнің зерттеушілері Осман әл-Жейлани мен Абдуль-Мәжид Аззандани 2003 жылы құйымшақты қызып тұрған оттың жалынына 10 минут бойы ұстаған. Бастабында қызыл шоққа айналған құймышақ соңында қара түске өзгеріпті. Өрттен қалған құймышақ қалдықтарын стерильді колбаға салып апарып Йеменнің ең атақты Аль-Аулаки зертханасында зерттейді. Сана университетінің гисталогия және патология профессоры Салих аль-Аулаки қалған ұлпаны зерттеп, лаулаған оттың құйымшақтың жасушасына еш әсер ете алмағанын анықтайды. Құймышақ жасушылары тіршілігін жоймаған екен. Дәл осындай зерттеуді қытай ғалымдары да жасапты. Олар құйымшақты қуатты радиоактивті сәуленің астында ұстап, химиялық қышқылдарға салған. Оларда құймышақ жасушаларының тіршілігін жоя алмапты. Ал ағылшын ғалымдары адам мәйітін 6000 градустық отқа өртеп, -286 градус суықтықта та ұстап көрген. Бұл зерттеулердің барлығының нәтижесі бірдей шыққан. Қазіргі техникалық жетістікпен салыстырғанда құймышақ ұшақтың қара жәшігінің рөлін атқарады деуге болатындай. Ол адам өміріне қатысты барлық ақпаратты сақтайтын көрінеді.
Көптеген күмәнді сұрақтардың шешіміне нүкте қоятын дінде де құймышақ туралы ақпарат жазылған хадистер бар екен. Мысалы: «Адам баласының барлық жерін топырақ жейді (яғни, шірітеді). Тек құймышақ қана шірімейді. Адам құймышақтан жаратылған және содан қайта құрылып, қайта жаратылады», – деп жазылыпты (Бұхари, Мүслим) хадисінде. Бұданда өзге хадистерде о дүние мен бұ дүниенің арасындағы адам өміріне қатысты ақпарат құймышақта сақталатыны туралы мысалдар көптеп келтіріледі.
Медицина ғылымы да адам денесінің жатырда құймышақтан бастап өсетінін зерттеп білген. Сондықтан адам өміріне қатысты алғашқы ақпарат құймышаққа жетеді деуге әбден болатындай. Қалай айтсақ та құймышақта бір құпияның бары анық.
Алтай Ғали-Асқар