Құлдықтан құтқарған махаббат

Серік жанұяда үш қыздан кейінгі кенжесі еді, ерке болып өскен ұл қатарластары әскерге кетуге жиналғанда жалғыз шешесінің бармай-ақ қой «алып қалайық» дегеніне көнбей бірге аттанған. Екі жылдық борышын қатардағы әскер шенінде ғана өткізді.
Әскер қатарында жуас жігіттердің батыл болып шынығып келу қасиеттері Серіктің мінезіне өзгерістер енгізе алмады. Әскерден қайтарда пойызда бір қазақтың қызымен жолығады, жолыққанда қызға қыры жоқ Серікті қыздың өзі әңгімеге тартып айналдырады. Әңгіме соңы қыздың ауылына тақау станциядан екеуі түсіп қалып бірер күн қыдырыстап, кейін Серіктің ауылына бірге баруға келісіп орта жолдан пойыздан түсіп қалады. Серіктің сенген сұлу қызы ұйымдасқан топқа қызмет жасайтын қармаққа түсіргіш болып шығарын Серікті алдарынан тосып тұрған бір топ жігіттердің әскер билетін тартып алып еріксіз түрде күшпен жұмысқа жегерін ол сол кезде білмеген еді. Ұйымдасқан топ сол күні Серік сияқты момын, адамға сенгіш бейбақ құрбандардың бірнешеуін қармаққа түсірген көрінеді. Келесі күні белгісіз бағытқа көлікпен биік жартастардың қойнауында орналасқан қыстаққа түсіріп әрбереуіне жеке лақап ат қойып тиісті жұмыстарға жегеді. Басында құрбылары, достары әскерден кейін қалада қыдырып 1 аптадын кейін ауылына қайтар деген үмітпен анасын сендірмек болады. Ауылдағы анасы байғұс ұлының кешіккенін бір пәлеге ұшырағанын сезіп дабыл қағады. Арада күндер өтіп айлар жылжып жыл уағына жетеді. Серіктен еш хабар-ошар жоқ. Қайтуға бірге аттанған солдаттардан сұрау жүргізгенде бейтаныс қызбен станциядан түскенін ғана баяндайды. Анасының күнде жылаудан көз ашпай ақыры көз жанары ауруға айналған. Іздеу жұмыстарынан еш хабар болмағанына туыстарының да үміттері үзіле бастаған, тек ана жүрегі ғана бір хабардың болуына жаратушыдан күнде жалбарынып сүраумен жүреді. Бостандығынан айрылған Серікті жолда кезіккен бейтаныс қыз жаманшылыққа қимағанымен ол да сол қылмысты топтың қармағына іліккендіктен шарасыздықтан барғанын айтады, қалтарыс уақытты пайдаланып Серікке мекен-жайын жазып ас бөлменің бір қуысына қалдыруды тапсырады. Арада уақыттар өтіп жатады қызбен Серіктің қатынасы да жиілей түседі. Күндердің бір күнінде әлгі хабар қағаз анасының қолына жетеді. Анасы сол күні дереу полиция қызметкерлеріне хабар беріп арнайы топ жасақталып кінәсіз байлаудағы құрбандарды ұстап отырған қылмыстық топ мекендеген тау шатқалына жүріп кетеді. Ұзақ жолдан полиция қызметкерлері түн уағында жетеді. Қараңғы барақ үйдің ішіне кіріп шам жарығымен Серіктің атын атап шақырғанда тым тырыс ешкім қайта жауап қайтармайды. Құлдыққа түскен жігіттер әбден қорқып қалғаны соншалықты өз беттерімен бас көтеруден қалған. Анасы байғұстың соңғы үміті өшердей зарлы үнімен – Серікжаным, жалғызым бармысың ? -дегенде ғана –Апатайым мен тірімін, осындамын деп, жылап кеп анасымен қауышады. Қылмыстық топтың басшысы құрықталып, қылмыстық іс қозғалады. Әйел затының ішкі сыры, жан дүниесі осы күнге дейін шешілмеген жұмбақ қой. Серіктің баладай ақ көңілін, аңқаулығын аяды ма өзі апарып түсірген апаннан өзі қайта шығаруға жол тауып өзі де шырмалған тағдырдың торынан құтылады.
Бұл күнде Серік сол жолы соры боп жолыққан бейтаныс қызбен бас құрап шаңырақ көтерген. Үйлі, бала-шағалы бейбіт күнде бақытты ғұмыр кешуде.
Қуаныш Байғабылов