Қосымша жұмыс орындары құрылады
Аймақ басшысы Даниал Ахметов титан-магний комбинатының шикізаты – ильменит кенін өндіретін Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорнында болды. Ильмениттен аса бағалы металл – титан алынады.
Комбинат қуаты – жылына 15 мың тонна концентрат. 2018 жылы қуаты 25 мың тонналық екінші фабриканың құрылысы басталды, қазір ол жерде кестеге сай тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жүріп жатыр.
– Осы жылы кәсіпорын жобалық қуатына шығады. Осылайша, біз Президенттің отандық шикізат пен үлесті арттыру тапсырмасын орындаймыз. Екі фабриканың жұмысы ТМК өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге, 65 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.
Жаңадан жабдықталған заманауи екінші фабрикаға аймақ басшысымен бірге үндістандық серіктестер де барды.
Кәсіпорын жобасына сай тау-кен байыту кешеніне вахталық кент пен жолдар салынады.
Ержан Кеңесұлы