Қоғам

Қордағы қаржыға қол салу басталды

зейнетақы

Қаңтардың 23 нен бастап зейнетақы қорындағы қаржыға қол сала беруіңізе болады. Бірақ та бәрін емес бір бөлігін ғана ала аласыз. Ертеңнен бастап Отбасы банкі зейнетақы төлемдерін алуға арналған онлайн платформаны іске қосады. Платформа арқылы тұрғындар онлайн өтініш бере алады.

Қазақстанда зейнетақы төлемін тұрғынүй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережесі бекітілді. Бұл ақапаратты «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі хабарлады. Бейнеттеніп жүріп зейнетке жинаған қаржыңызды тұрғынүй жағдайын жақсартуға ғана пайдалана аласыз. Ал мемлекеттік органдар зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану ережесін енді бекітіп жатыр.

Тұрғынүй жағдайын жақсартуға арналған қаражатты пайдалану үшін сізге ЖССБ 24 мобайл қосымшасы немесе парақшаның бас бетіндегі (БИО) сілтеме бойынша бейнебанкинг арқылы арнайы шот ашу қажет. Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық операция Электрон цифр қолтаңбасы (ЭЦП) көмегімен жүргізіледі. Сондықтан өз электрон цифр қолтаңбаңызды және жеке куәлігіңізді дайындап, мерзімін тексеріңіздер, – банкінің баспасөз хабарламасында.

Толығырақ ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыз.

Алтай Ғали-Асқар

 

Осы айдарда

Back to top button