Қорадан мал ұрлаған

Үржар аудандық полиция бөліміне өңірдің 53 жастағы тұрғынының мал ұрлығын жасағаны туралы ақпарат келіп түскен.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ағымдағы жылдың 23 қарашасына қараған түні Үржар ауданындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам бөтен үйдің қорасынан құны 600 мың теңгеге бағаланған биені қолды қылған.
– Күдікті көп ұзамай қолға түсті. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-1 бабы 3-бөліміне сәйкес, мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Оның айтуы бойынша, егер де күдіктінің кінәсі дәлелденсе, аталмыш азамат бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сәрсен Қабылым