Қоғам

Қоқыстан қашан тазартылады?

Қалбатау ауылы жанындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының маңайы толған қоқыс, ол бір таудан бастап келесі тауға  дейін созылып жатыр.

«Бұл полигон болмаған кезде қоқысты осы маңайға төге беретін, кейін полигон ашылды. Бірақ бұрынғы қоқыстар сол жерде қалып қалды» дейді полигон күзетшісі. Тағы бір ескеретін жайт, қоқыс таситын тракторлардың тіркемелері ашық, тасымалдау кезінде ішіндегі целофан пакеттер және жеңіл қалдықтар желмен ұшып, жолдың бойына шашылады.

«Қоқыс төгушілерді, яғни қоршаған ортаны ластаушыларды заң аясында жауапқа тартуға болмай ма, алдағы уақытта бұл аумақты тазалау бойынша жұмыстар атқарыла ма?» деген сауалды облыстық DIDAR газетінің редакциясы атынан былтыр күзде Жарма ауданы әкіміне жолдаған болатынмын.

Жауап алдым, «Қалбатау ауылы жанындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының маңайын тазалау жұмыстары атқарылуда. Қоршаған ортаны ластаушыларды анықтау жергілікті полицияның құзіретіне жатады. Құқық бұзушылық жасаған азаматтар анықталса, полиция тарапынан жауапқа тартылады» депті аудан әкімінің орынбасары Талғат Мұратов.

Айтайын дегенім, жуырда осы полигон аумағына тағы да бардым. Жол шетіндегі шашылған қоқыс сол беті жатыр. Ештеңе өзгермеген. Мұны қалай түсінуге болады?

Нұрсұлтан Төлеу, студент

Осы айдарда

Back to top button