Қоғам

Қоқыс полигоны қоршалады

Алдағы уақытта Алтынбел ауылдық округіне қарасты бірнеше ауылдың көшелері жарықтандырылып, елді мекен маңындағы қоқыс полигоны қоршалуы мүмкін.

Бұл туралы осы округке атбасын бұрып, ауыл әкімінің жұмысымен танысқан Катонқарағай ауданының әкімі Ділдәр Қалиқанұлының жұмыс сапары барысында белгілі болды. Округ бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, проблемалық мәселелерге байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлерімен кездескен аудан басшысы коронавирус инфекциясының алдын алу үшін тұрғындарды толықтай екпемен қамту жайына ерекше тоқталды.

Сондай-ақ Майемер, Үштөбе, Егінді ауылдарының көшелеріне төгілген тастардың тегістелуін қадағалауды тапсырған ол округ әкіміне бірнеше ауылдың көшелерін жарықтандыру қажеттігін және Алтынбел ауылының іргесіндегі қоқыс тастайтын орынға қоршау орнату керектігін айтты. Осы орайда, ол айтылған мәселелерге келесі жылы аудан әкімдігі тарапынан да қолдау болатынын тілге тиек етті.

Осы айдарда

Back to top button