Қоғам

Қоқыс полигоны 2024 жылға қарай салынады

Облыс орталығының Шмелев Лог кенті ауданындағы қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны Өскемен үшін өзекті мәселе болып келеді.

Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келмейтін бұл қоқыс полигонының орнына жаңа полигон салынбақ. Осыдан кейін ескі полигон жабылып, оны қалпына келтіру шаралары басталады.

«Ағымдағы жылы қалада қоқысты сұрыптау зауыты іске қосылады, зауыт салынған соң қауіпті және жойылмайтын қалдықтар полигонға тасталмайтын болады. Сондай-ақ қала сыртында жаңа полигон құрылысы басталады», –  деп хабарлайды облыс орталығының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.

Аталған мекеменің ақпараты бойынша, жаңа полигон экологиялық заңнама талаптарына сәйкес жабдықталады. Онда қоқысты сығымдау, ағынды суларды бақылау және басқа да техникалық мүмкіндіктер қарастырылады. Алдын ала бағалаулар бойынша жаңа полигон 2024 жылға дейін салынып бітуі тиіс.

Жамал Ермен  

Осы айдарда

Back to top button