Қоғам

Қолөнерді туризм арқылы дамытуға болады

Қолөнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын өнер. Бұл сала қазір тым баяу дамып келеді. Себебі адамдар оған көп қызықпайды, қолөнерді халыққа шығарып жүрген блогерлер ғана, оның өзінде жарнамадан ақша табу үшін. Сондықтан елімізде қолөнерден айтарлық нәтиже жоқ.

Менің ойымша, туризм арқылы нағыз қолөнерді танытуға болады, себебі елімізде әдемі әрі қызықты жерлер көп. Мысалы, өзімізде-ақ Риддер, Катонқарағай, Зайсан іспеттес табиғаты көркем орындар баршылық.

Осы аймақтарға туристер барғанда қосымша қолөнер бұйымдарын сатып алса, барлығымызға пайдалы болады. Айталық, сол өлкенің суреті, ағаштан жасалған сувенир, ыдыс-аяқ, жер атауы не туристің есімі жазылған бұйымдар сатылса, халықтың қызығушылығы артар еді. Бірінен-бірі көріп сатып алуға асығады. Бұл бір жағынан ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттырса, бір жағынан туризмді дамытуға септігін тигізеді.

Сол себепті шетелден кәдесый әкеліп мақтанғанша, өз құндылығымызды дәріптей білейік.

 

Нұрсұлтан Төлеу, студент

Осы айдарда

Back to top button