Қоғам

Қолдан келгенін аянып жатқан жоқ

Саржал ауылында жаңа балабақша ашылады. Бұл кезекте тұрған балалар санын азайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да мүмкіндік береді.

Қазір екі қабатты ғимарат құрылысының негізгі жұмысы аяқталды. Балабақша 120 орынға арналған. Ашылу салтанаты маусымға жоспарланған.

– Жас ұрпақ тәрбиесі – біздің ең маңызды міндетіміздің бірі. Балалар үшін қолдан келгенін аянып қалып жатқан жоқпыз. Бұған дейін 300 орындық мектеп салынса, енді балабақшаның есігі ашылмақ, – дейді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Айта кету керек, ғимарат мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынып жатыр. Жұмысты ауыл тұрғыны Ұлан Ақылбек қолға алған.

– Әлбетте, бала – ел болашағы. Сондықтан балабақшадағы орын жетіспеушілік мәселесін алдымен шешуге кірістім, – деді ол.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button