Қоғам мен мемлекет арасын байланыстырады
Құрметті жерлестер!
Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. БАҚ– бұл елдегі және әлемдегі жаңалықтар көзі ғана емес, сонымен бірге қоғам мен мемлекет арасын байланыстырушы. Олардың билік пен азаматтар диалогындағы рөлі зор. Әр жарияланымның немесе сюжеттің артында күн сайын оқиғалар ортасынан табылып, өз оқырмандары үшін ең маңызды және қажетті ақпаратты екшеп алатын көптеген адамдардың еңбегі тұр. Бұл адамдардың арқасында біз жедел түрде әрі сенімді ақпарат алып, болып жатқан оқиғалардың нақты бейнесін көреміз.
Журналистер – қарапайым халықтың проблемасы мен талап-тілектері туралы жақсы білетін қоғамның жанашыр азаматтары. Олар бұл мәселелер туралы айтуға қорықпайды. Біздің БАҚ-тар – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын және кез келген жағдайда өз елінің патриоты болып қала беретін ұжымдардың үлгісі. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын және сіздерге толағай табыс және бақ-береке тілеймін, әріптестер мен оқырмандар құрметіне бөлене беріңіздер!
Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі