Қоғам

Қазба жұмыстары жалғасады

Ақбауыр, Шілікті алқаптарында және Елеке сазы жазығындағы қорғандарда археологиялық қазба жұмыстары биыл да жалғасады.

Өңірдегі археологиялық қазба жұмыстары туралы «Қазақстан тарихы» атты үш томдық кітап жарыққа шығады. Кітапты дайындау барысында жергілікті археологтар Ресей, Өзбекстан, Түркия мұрағаттарында жұмыс атқарды. Бүгінде қосымша түпнұсқа ақпараттар бар 15 мың бет жиналды.

– «Қазақстан тарихы» кітабы жыл соңына қарай үш тілде шығады. Археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев Ақбауыр, Шілікті, Елеке сазы алқаптарындағы қазба жұмыстарын биыл да жалғастырады. Ғалымдар жауынгер-музыкант жерленген бейіттердің бірін қалпына келтірді. Онда көне үш аспап сақталған. Енді дәл сондай аспаптарды жасап, халық оркестріне қосу қажет, – дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Археологиялық зерттеулерге өңір студенттері де атсалысып, қорғандарда геодезиялық жұмыстар жүргізуде.

Ержан Кеңесұлы  

Осы айдарда

Back to top button