Қоғам

Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатыса аламын ба?

– Мен – Өзбекстан азаматымын, сауда саласында жұмыс істеймін. Қазақстандық зейнетақы жүйесіне қатысуға құқығым бар ма және жұмыс берушім мен үшін зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс пе?

Мансурбек Юсупов
Өскемен.

Сауалға «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Марат Сейітқалиев жауап береді:

– «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын құжаты (шетелдіктер үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамдар үшін – азаматтығы жоқ адамның куәлігі) болған кезде Қазақстанда зейнетақымен қамтылуға құқығы бар.
Егер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде болса, онда олар Қазақстан Республикасында уақытша тұратындар қатарында есептеледі және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылуға құқықтары жоқ, оның ішінде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеуге құқықтары жоқ болып табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға құқықтары бар. Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке келетін болсақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты режимде жүзеге асырылады, оны ашу үшін қор кеңсесіне жүгінудің қажеттілігі жоқ.

Осы айдарда

Back to top button