Қоғам

Қазақстанда малшылар күні пайда болуы мүмкін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы мереке күндері тізіміне толықтырулар енгізген ҚР Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі келесі тармақпен толықтырылсын:

 

“14-1. Мал бағушылар күні – маусымның екінші жексенбісі”, делінген құжатта.

 

Құжаттағы түсініктемеде көрсетілгендей, жобаның мақсаты – еліміздегі мал бағушылар күні мерекесін бекіту, сонымен қатар мал шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің беделін көтеру, оларды еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеу.

Осы айдарда

Back to top button