Қоғам

Қазақстанда 1,5 миллионға жуық адам екпе алды

Қазақстанда 1,5 миллионға жуық адам екпе алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Шамамен 1,5 млн адам немесе халықтың вакцинациялауға жататын санатының 15 пайызы екпе алды, – деді Алексей Цой.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Спутник V, QazVaq, Hayat-Vaх вакциналары қолжетімді.

– Вакцинациялауға 11 мың медицина қызметкері, 1 000-нан астам стационарлық егу пункттері мен жылжымалы 400 пункт тартылған. Екпе пункттері екі ауысымда сағат 24:00-ге дейін және демалыс күндері жұмыс істейді, – деп түсіндірді ол.
Вакцинация науқаны басталған сәттен бастап елімізде КВИ – ға қарсы вакцинаның шамамен 1,8 млн дозасы қолданылған.

Осы айдарда

Back to top button