Қоғам

«Қазақстан оқушысы – 2022» веложарысы басталды

Ержан Әбіш

Өскеменде «Қазақстан оқушысы – 2022» елу екінші республикалық дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысы басталды.

Іс-шараны республикалық және облыстық велосипед спорты федерациясы, «Дарын» орталығы және облыс әкімдігі ұйымдастыруда.

– Бұл іс-шараны біз 2000 жылдан бастап Шығыс Қазақстанда өткіземіз, өйткені мұндағы жер бедері осындай жарыстарды өткізуге ыңғайлы. Сондай-ақ қатысушылардың өздері Шығысқа қуана келеді. Биыл веложарысқа 12 облыстан 82 қатысушы жиналды, – дейді Ұлттық ғылыми-практикалық денешынықтыру орталығының бөлім басшысы Мира Мұхамадиева.

Жарыс қатысушыларын жол полициясы, жедел жәрдем және қолдау машиналары сүйемелдеп жүр.

– Сайыс 8 кезеңнен тұрады. Топтық, таулы және жазық жерлердегі жарыстар болады. Бірнеше жарыс Ушаново ауылында, ал жекелей жарыстар Бобровка тасжолында өтеді. Біздің облыс осындай деңгейдегі жарыстарға толық дайын, – дейді Шығыс Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті Елена Нитяжук.

Қатысушылар жеңіске деген құлшыныстарына қолайсыз күн райы да кедергі келтіре  алмайтынын айтады.

– Бұл жарысқа мен жеңіске жетемін деп келдім. Біз барынша дайындалдық және жақсы нәтиже көрсету үшін барымды саламын, – дейді жарысқа қатысушы Максим Тараскин.

Айта кетейік, жарыс салтанатты түрде 8 тамызда жабылады.

Осы айдарда

Back to top button