Қоғам
Қазақ тілі мұғалімдері біліктілігін арттырады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқарма басшыларының қатысуымен кеңейтілген аппараттық кеңес өткізді. Жиын барысында талқыланған маңызды мәселенің бірі – көптілді білім беруді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру.
Соңғы бірнеше жылда өңірде Кембридж университетінің әдістемесі бойынша шет тілдерін оқыту бағдарламасы жақсы нәтиже көрсетуде. Алайда қазақ тілін оқытуды талдау әдістемедегі проблемаларды анықтап отыр. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесін арттыру мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арнайы бағдарлама әзірледі. Оның айтуынша, біліктілікті арттырудан 760-тан астам педагог өтеді. Қосымша әдістемелік материал оқытушыларға да, оқушыларға да мемлекеттік тілді үйренуге көмектеспек.
– Қысқа мерзімде еліміздің көптеген мектептері тәжірибесіне алатын бағдарлама жасайтынымызға сенімдімін. Ең бастысы – балаларымыз мемлекеттік тілде сөйлей бастайды, – деп атап өтті Даниал Ахметов.
Ержан Кеңесұлы