Қоғам

Қазақ жігіті Нью-Йоркте «Qazaq time» атты қазақ радиосын ашты

Данияр Қожан есімді қазақ азаматы Нью-Йоркте қазақ тілінде ақпарат тарататын радио ашты.

Қазақша радио орыс тілінде хабар тарататын «Freedom Fm» радиосында екі сағат сайын эфирге шығып отырады. Бірнеше күн бұрын алғашқы эфир де өтті. Оған қонақ ретінде Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулы Алмат Айдарбеков және сол қаладағы алғашқы қазақ полицейі Димаш Ниязов шақырылған болатын.

– Әлемде радионың рөлі әлі де зор екені бәрімізге белгілі. Бұл әлеуметпен етене әрі қарқынды дамып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралы.  Америкада Қазақ радиосының эфирін аштым. Шетелде жүргендіктен, Отанымызды сағынамыз. Ойлана келе, айқын таңдау жасадым. Мен Қазақстанның дауысын тұтас АҚШ-қа жеткізіп, қазақ тілінің дамуына өз үлесімді қосқым келеді, – деді Данияр Қожан.

Радио АҚШ-тағы қазақтардың өмірі туралы хабар таратады. Қазақстан мен Америкаға қатысты тың ақпараттар да беріліптұрмақ.  Сондай-ақ  Данияр Қожан эфирде өзінің туған өлкесі туралы тың деректерді де баяндауды жоспарлап отыр.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button