Қоғам
Қайтадан аяз түседі

«Жылы-жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты», – деп өлеңдетіп жүр едік. Ертең қайтадан кәрі құдаң келеді екен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 20 ақпан күні кейбір аудандарда сынап бағанасы – 24 С-қа дейін төмендейді.
– Аймақта ауа температурасы -15С, -20С, кей жерлерде -25С-қа дейін төмендейді. Сонымен бірге жел күшейіп, қарлы бұрқасын соғады. Жел екпіні кейбір елді мекендерде 23-28 м/с дейін жетеді, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Балауса Қожа