Қай қалада жалған ақша көп жасалады?

Қазақстанның Ұлттық Банкі алаяқтардың «сүйікті» номиналы жайлы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz агенттігі.
Ұлттық Банктің банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асхат Әбішевтің сөзіне сенсек, жалған ақша жасаушылардың ең “сүйікті” номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар болып шыққан. Бұл 2020 жылғы дерек бойынша.
Айта кетейік, жалған ақшалар көбіне мегаполистерде жасалатыны анықталған. Мәселен, Алматыда 554 дана жалған ақша жасалған. Ал еліміздің батыс өңірінде өтірік ақша жасаушылар жоқтың қасы екен.
Ендеше, оқырмандар үшін пайдалы ақпарат беруді жөн көрдік. Жалпы жалған ақшаны қалай ажыратуға болады?
Ақшаны қолыңызға алған бетте банкнотты қисайтып қарап көріңіз. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі құбылып тұратын суреттер бар. Егер банкнотты қисайтып қарайтын болсаңыз, суреттер жасыл түстен алтын түске ауысады.
Алаяқтардың ең сүйікті номиналдары 2000 және 5000 теңгелік банкноттарда голографиялық жолақ бар. Голограммадағы бейнелер құбылып тұрады.
Балауса МЭЛСҚЫЗЫ