COVID-19 

Қауіпті індет қайта өрши бастады

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Ресми мәліметке жүгінсек, 18 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің төрт облысы мен бір қаласы коронавирус инфекциясының таралу қауіпі жоғары “қызыл” аймаққа енгізілген. Атап айтсақ, олар: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы.

Сондай-ақ қауіпті індеттің таралуы орташа деңгейдегі «сары” аймақта Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Қалғандары түгел «жасыл» аймақта орналасқан. Ал Қазақстан коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймақта тұр.

“DIDAR” ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button