
Күні кеше республика аумағында қатты дауыл тұрып, қалың қар түсті. Табиғаттың тосын мінезінен халық жолда қалып, енді біреулердің көліктері қирап жатыр. Мәселен Көкпекті ауылындағы Қ. Нұрғалиев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, жеңіл көліктің үстіне түскен. Дәл сол үйде тұрып жатқан Hyundai Accent маркалы көліктің иесі бірден мамандарды шақырды.
Келтірілген шығын мөлшері есептелді.