Қоғам

Қармақпен балық аулап жарысты

Азамат Темірбеков

Балалар жылы аясында алтайлық тұрғындар арасында қармақпен балық аулаудан жарыс өткізіліп, үздіктер анықталды.

Жарыс Никольск ауылдық округі әкімдігінің, жергілікті кәсіпкердің, аудандық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімінің қолдауымен Кремнюха ауылының маңында өткізілді. Жалпы, аталмыш турнир Балалар жылы мен Астана күніне арналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс ауа райы жағдайына қарамастан жоғары эмоционалды және спорттық деңгейде өткен. Турнир нәтижесінде бірінші орынды Антон Кожуховский иеленсе, Анатолий Гордиенко күміс медалді қанағат тұтты. Ал Василий Кудашов үшінші орынға табан тіреді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Рыбачьте с нами» дүкенінің иесі мен аудандық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі атынан бағалы сыйлықтар, грамоталар мен медальдар табысталды.

Табиғат аясында ұйымдастырылатын осындай сайыстардың көпшілік арасында кеңінен танымал болуына орай, аудандық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі биыл күз маусымында қайықтан иіріп балық аулау бойынша кезекті турнирін өткізуді жоспарлап отыр.

Осы айдарда

Back to top button