ТОП

Қарияның ауласын қардан тазартты

Азамат Темірбеков

Бесқарағайлық мемлекеттік қызметшілер жалғызбасты қариялардың аулаларын қардан тазартып, қайырымдылық акциясын өткізді.

Қаңтар айының алғашқы аптасында өңірдің бірқатар аудан, қалаларында біраз қар жиналғаны белгілі. Осы ретте, бесқарағайлық мемлекеттік қызметшілер қолдарына күрек ұстап, қариялардың аулаларын қасат қардан тазартуға кірісті.

– Осы аптада аздап ауа райы бұзылып, аулаларда қар жиналды. Бесқарағай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері жалғыз тұратын зейнеткер әрі тыл ардагері Вера Донцоваға көмек көрсетті, – деп хабарлады Бесқарағай ауданының әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Осылайша, қолдарына күрек алған ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері қарияның ауласын қардан тазартып, жалғызбасты азаматшаға қайырымдылық көрсетті. Өз кезегінде қария да олардың игі істеріне алғыс білдірді.

Осы айдарда

Back to top button