Жаңалықтар

Қарға батып, адасып қалған катонқарағайлықтар құтқарылды

Шығыс-Қазақстан облысының полицейлері жолда адасып қалған адамдарды құтқарды.

12 қаңтар күні 32 жастағы жүргізуші мен оның жанындағы жолаушысы туысқандарына телефон шалып, көліктерінің қарда батып, адасып қалғандарын хабарлаған. Орындарын нақты айта алмаған оларды іздеуге полиция мен өрт сөндіру бөлімідерінің қызметкерлерінен құрылған құтқарушылар тобы аттанған. Іздестіру нәтижесінде жолда қалып қойған тұрғындар Үлкен Нарын ауылының маңындағы ауыларалық жолдардың бірінен табылған. Олар аудандық ауруханаға жеткізіліп, денсаулықтары тексерілді, үсік шалу фактілері анықталмады. Құтқарылған жолаушылардың айтуынша, тоңып, үсіп қалмаудың алдын алу үшін олар автокөлік салонында қағаз өртеген.

Полицейлер болмаса, біз жолда адасып, суықтан үсіп қалар едік. Полиция қызметкерлеріне алғысымыз шексіз, – деп олар жүрекжарды сөздерін жеткізді.

Полицейлер шығысқазандықтарға  ауа райы нашарлығына байланысты алыс-жақын сапарларға шығудан бас тартуға кеңес береді.

Осы айдарда

Back to top button