Қоғам

Қараусыз малдың иесіне айыппұл салынады

Азамат Темірбеков

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін  бұзған азаматтарға ескерту жасалып, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Шемонайха аудандық полиция бөлімінің бастығы Қанат Синиязов жаз шыға еркін жайылымға жіберілетін төрт түлік қолды болып немесе өзгенің егініне түсіп, зиян келтіріп жататын жағдайлардың аз емес екенін айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар көпшіліктің ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережелерін сақтамауынан  туындайды.

– Аталған ереже ауылды жерлердегі мал ұрлығын азайтуға бағытталған, – дейді ол. – Ереже талаптарын сақтамау еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға негіз болады. Ал адамның денсаулығына немесе мүлкіне зиянын тигізген осындай жағдайларда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сөз соңында малды еркін жайылымға қараусыз жібермеуді ескерткен бөлім бастығы, төрт түліктің есепке алынып, ен салынуын қатты қадағалау қажеттігін атап өтті.

Осы айдарда

Back to top button