Қарашада ауарайы қандай болады?

Қазгидромет” РМК синоптиктері қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер болжамынша, бірінші онкүндік басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, ал 3 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында атмосфералық фронттар әсерінен тұман, көктайғақ, жел екпінінің күшеюі (солтүстік жартысында қарлы боран) жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
3-4 қарашада республиканың басым бөлігі Қара теңіз өңірлерінен ығысқан ауқымды суық антициклон ықпалында болады, ауа температурасы төмендеп (батыс өңірлерді қоспағанда), аяз болады деп болжанады:
- Қазақстанның батысында түнде 0, +8 градустан -5 +2 градусқа дейін, күндіз +10 +18 градустан 0, +10 градусқа дейін;
- Республиканың солтүстік-батыс жартысында, орталығында және шығысында түнде -5 +5 градустан -5 -15 градусқа дейін, шеткі шығыста -20 градусқа дейін, күндіз +2 +8 градустан -3 -10 градусқа дейін;
- республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде -3 +5 градустан -1 -13 градусқа дейін, күндіз +10 +16 градустан -5 +3 градусқа дейін.
Бірақ ай ортасынан бастап температура фоны біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі.