Тасқынға - тосқынТОП

Қарағандыдан көмек келді

Көкпекті мен Алтай ауданына тасқын қаупіне байланысты көмекке Қарағанды облысынан арнайы жасақ келді. «Казгидрометтің» болжамына сәйкес, сәуірдің басында ауа температурасының жылынуына байланысты облыста қар қатты ериді.

– Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы бойынша, Қарағанды облысындағы №52859 әскери бөлімінен 50 адам келіп,  Самар ауылы және Алтай аудандарында орналасты. Сондай-ақ сегіз бірлік техника, төрт жүзу құралы мен 10 тасымалы мотопомпа алынды, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат бойынша, жеке құрам Самар ауылынан 70 шақырым қашықта орналасқан, қауіпті деп белгіленген учаскедегі су құбырларын тазалауға кірісті.

Бұл уақытта Алтай қаласында әскерилер су-жинақтауыш тоғанның, сонымен қатар су бұру арналарының деңгейіне мониторинг жүргізіп жатыр.

     Жасын Қалибек

 

Осы айдарда

Back to top button