Қоғам

Қара тізімге іліккендер бар

Ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатына сай пайдаланбаған 260 шығысқазақстандық үш жылға дейін жер ала аламайтындардың қара тізіміне іліккен.

Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының хабарлауынша, 2019 жылы жалпы ауданы 71,2  гектар аумақты алатын 88 жер учаскесін алып қою туралы  70 талап-арыз келіп түскен. Өткен жылы 46 жер телімі мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылған. Бұған қоса, 2020 жылдың соңына қарай заңсыз шығарылған 12 шешімнің күші жойылып, нәтижесінде 3,4 мың гектар қайтарылды.

Жер кодексіне сәйкес, жерді пайдаланбау себепті телімі алынып қойған меншік иелері арнайы тізімге енгізілетін көрінеді.  Бұдан кейін аталған азаматтар үш жыл бойына жер телімін ала алмайтын болады. Құзырлы мекеме соңғы төрт жыл ішінде жер ресурстары комитетіне осындай 260 жер иеленушісінің тізімін жолдаған.

Басқарма бұл істің биыл да жалғасын тауып, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мәжбүрлеп алуға бағытталған жұмыстардың одан әрі жанданатынын атап өтті.

 

Айзере Сұлтан

Осы айдарда

Back to top button