Тасқынға - тосқынТОП

Қар жамылғысының қалыңдығы 60 сантиметрге жетеді

Селден төнер қауіп жоқ, дейді мамандар

Мамандар «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның «Еурокоптер-145» тікұшағымен Алтай және Катонқарағай аудандарындағы жағдайды барлап қайтты. Бүгінде аталған аудандар су тасқыны мен сел жүру қаупі жоғары аймақтар саналады.

Бұл жолы аудандардағы ахуалды тексергендер арасында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ «Қазселденқорғау» мен «Қазгидрометтің» мамандары болды.

– Тікұшақпен барлау барысында Алтай мен Катонқарағай аудандарындағы қар жамылғысының қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жететіні белгілі болды. Бұл Алтай ауданының жылдық нормасынан – 25, ал Катонқарағайдікінен 33 пайызға төмен екенін айту керек. Сонымен бірге, мамандар Бұқтырма өзеніндегі жағдайды көріп қайтты. Қазір аталмыш өзеннің жағасында орналасқан «Орман айлағы» мен «Печи» гидробекеттеріндегі мұздың қалыңдығы сәйкесінше 78 және 86 сантиметрді құрауда. Мамандар аталған аудандардағы жағдайды тұрақты деп бағалады. Селден төнер қауіп жоқ, дегенмен бақылауды әлсіретуге болмайды, – дейді облыстық ТЖД апаттың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button