Қоғам

Қапы қалмаңыз, қаламгер!

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Алтайдың заңғар жазушысы О.Бөкейдің туған күніне орай «Ауыл хикаялары» атты республикалық әдеби байқау жариялағанын бұған дейін де хабарлағанбыз. Бүгінге дейін байқауға онға жуық шығарма келіп түскен. Материалдарды қабылдау әлі де жалғасып жатыр.

Бұл игілікті бастаманы Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен О.Бөкей атындағы кітапхана ұйымдастырса, ақпараттық демеуші – облыстық DIDAR газеті.  Жұмыстар осы жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады. Кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы көркем шығармаларды жан-жақты бағалайды.

Қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде жеті жеңімпаз марапатталады. Атап айтсақ, бас жүлде, бірінші, екінші және үшінші орындар. Сонымен қатар үш ынталандыру сыйлығы бар. Жеңімпаз бен жүлдегерлер қаржылай сыйлықпен бірге О.Бөкейдің бейнесі бедерленген естелік-сыйлыққа ие болады. Байқауға 25-40 жас арасындағы қатысушылар қатыса алады. Байқау талаптары:

  1. Шығарма жанры – проза (эссе, әңгіме, монолог);
  2. Байқау тақырыбы – «Ауыл хикаялары» (О.Бөкей шығармасының атауымен аталды);
  3. Мемлекеттік тілде жазылуы;
  4. Ұсынылған шығарманың қаріп өлшемі – 14, Times New Roman; 1,5 арақашықтығында болуы;
  5. А4 форматында 10-15 беттен аспауы;
  6. Бұрын ешқайда жарияланбаған болуы;
  7. Сауатты, көркем тілде жазылуы және тәрбиелік маңызы болуы;
  8. Еліміздің заңдарына қайшы келетін, яғни ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамның ар-ожданына тиетін және т.б. теріс пиғылдағы шығармалар байқауға қабылданбайды.
  9. Байқауға қатысушылар шығармаларын 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ukcbs@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек немесе баспа түрінде кітапханаға әкеліп тапсырады. Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылдың 28 қыркүйегінде (Оралхан Бөкейдің туған күні) өтеді. Марапаттау Өскемен қаласындағы О.Бөкей атындағы орталық кітапханада болады. Мекенжайы: Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. Байқауды ұйымдастыруға жауапты адамдардың телефоны: 87778550705, 870749498839 (вацап) – Жанат Жиенбекова,

8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64. 

Осы айдарда

Back to top button