ӨзектіТОП

ҚАНША АДАМ ЖҰМЫССЫЗ ЖҮР?

Облыста 2020 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны (15 және одан асқан жастағы, табысты жұмысы болмаған, оны белсенді түрде іздеген және оған кірісуге дайын болған тұлғалар) 34,2 мың адамды құраған.

Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес,Шығыста  жұмыссыздық деңгейі 4,9% (2019 жылғы ІII тоқсанда – 4,8%) шамасында қалыптасқан. Жұмыссыздардың 59,5%-ы әйелдер,  40,5%-ы ерлер. Әйелдердегі жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ды құраса, ерлерде бұл көрсеткіш 3,9%-ды құрапты.

15 және одан асқан жастағы жұмыс күші саны былтырғы жылдың IIIтоқсанында 701,7 мың адамды құрап, облыс экономикасында 667,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Жалдамалы еңбекпен қамтылғандар 475,6 мың адам немесе бұл барлық жұмыспен қамтылғандардың 71,3%-ы екен. Жеке кәсіпкерлердің саны 143,2 мың адам.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button