Қоғам

ҚАН АЙНАЛЫМЫ АУРУЛАРЫ ҚАУІПТІ

Облыс бойынша халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында барынша жоғары үлесті қан айналымы жүйесінің аурулары (29,4%) алып отырғаны алаңдатады.

Қан қысымының жоғарылығы немесе төмендігі, жүрек ауруларының көбейіп кеткендігі тұрғындардың өз денсаулығына дұрыс қарап, осы аурулардың алдын алуын қажет ететіндігін көрсетіп отыр. Пандемия кезінде жүрек-қан тамырлары  аурулары мен инсульттан болатын өлім-жітім еселеп өскен. Балмұздақ, фаст-фуд өнімдерін жиі тұтыну, аз қозғалу қан айналымы жүйесі ауруларының тууына басты себеп болып отырған жайттардың бірі.

Статистикалық мәліметтер көбінесе облыста   жаңа өскіндерден (9,8%) болған обыр ауруы, тыныс алу органдары аурулары (9,8%) және жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан (7,7%) болған жағдайлар өлімге себепші болғандығын көрсетіп отыр.

 

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button