Қоғам

Қалжырдағы қарқынды құрылыстар

Марқа өңіріндегі Қалжыр ауылында да бірқатар ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Мұндағы әбден ескірген медпункт үйінің жағдайы туралы арыз-шағымдар талайдан бері айтылып келе жатқан еді.

«Халық үніне құлақ асатын Үкімет» принципімен жұмыс істеп келе жатқан басшылық, әрине, бұл шағымды ескерусіз қалдырған жоқ. Сөйтіп, ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, Қалжыр ауылында медициналық амбулаторияның құрылысы басталды.

Сондай-ақ осы ауылдағы жас буынның уақытты босқа өткізбей, спортпен шұғылдануына жағдай туғызу мақсатында қолға алынған спорт модулінің құрылысы да аяқталуға тақау.

Хасен Зәкәрия

Күршім ауданы

 

Осы айдарда

Back to top button