Қоғам

ҚАЛЖЫРДА ЖАңА НЫСАН БОЙ КӨТЕРМЕК

Қалжырдың көп мәселесінің бірі шешілді, облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, ауылда дәрігерлік амбулатория салынып жатыр.

Күршім ауданы, Қалжыр ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория 1970 жылы салынып, 1980 жылдары күрделі жөндеуден өткен екен, бөлмелері тар, науқастарға ем-дом жүргізуге қолайсыз.

Қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталатын жаңа емдеу амбулаториясы бір мезетте 20 адамды қабылдайды және мұнда  5 төсектік күндізгі стационар болады. Бүгінгі таңда уақытша ескі амбулаториялық пункт жұмыс істеп тұр.

– Ауылымызда атқарылып жатқан жұмыстар халықтың көз алдында.  Көптеген мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып, тұрғындардың көңіліне қуаныш сыйлап келеді. Өткен жылы ауыл жұртшылығы үшін тағы бір жағымды жаңалық орын алды. Апаттық жағдайдағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда ел игілігі үшін қызмет жасап тұр. Міне, жаңа амбулатория салынып жатыр. Қазір ауылда мыңнан астам тұрғын бар. Солардың барлығына қызмет жасайтын бұл нысанның халық үшін маңызы зор, – дейді ауыл тұрғыны Қаныш Байсалбаев.

Амбулатория құрылысын “СМУ Шығыс” компаниясы жүргізуде. Мердігер компанияның басшысы Рафхат Икбаевтың айтуынша, наурыз айының аяғында басталған құрылыс  1 шілдеге дейін аяқталмақ. Қазір ғимарат салынатын орынның жері тегістеліп, қажетті материалдар тасымалдануда. Жақын күндері амбулатория ғимаратының іргетасы қаланатын болады. Құрылыс алаңына қажетті техникалар мен материалдар жеткізілуде.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button