Қоғам

Қалбатауда екі көше қалпына келтіріледі

Азамат Темірбеков

Жарма ауданының орталығындағы Қабанбай және Абай көшелері алдағы екі ай көлемінде қайта қалпына келтіріледі.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, бұған дейін Қалбатау ауылының тұрғындары тарапынан аудан орталығының Қабанбай және Абай көшелеріндегі тасжолдың жағдайына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылып келген екен. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Мұратов қазір республикалық маңыздағы «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан «Казгерстрой» мекемесінің алдағы уақытта қолға алатынын атап өтті.  Жасалған келісімге сәйкес, аталмыш кәсіпорын екі көшені толықтай қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбек.

Осылайша, серіктестік басшылығы соңғы келіссөздер барысында жалпы ұзындығы жеті шақырымды құрайтын екі көшені маусым және шілде айларында толық қалыпқа келтіретіндіктерін жеткізген. Жалпы құны 167 млн. теңгені құрайтын жобаға сәйкес, көше жолдарының жиектері қалыпқа келтіріліп, асфальт жабыны жаңартылатын болады. Екіжақты келіссөздерге сәйкес жұмыс жақын күндері басталуы тиіс.

 

Осы айдарда

Back to top button