
Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарын орталықтандырылған таза ауызсумен қамту көрсеткіші жыл соңына дейін 92,2 пайызға жетеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылға қарай халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін биыл 55,2 млрд. теңгеге 63 жобаны іске асыру жоспарланған, оның 48 нысаны іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов хабарлады.
Қала мен ауыл арасындағы жағдайды теңестіру үшін 2015 жылдан бастап өңірде 288 мың тұрғынтұрып жатқан 294 ауылда су құбыры салынған. 2025 жылға дейін 84 ауылда су құбырын салу, 30 ауылда қайта жаңарту жоспарланған. Бұл мақсатқа 75 млрд. теңге қажет болады.
Шағын ауылдарда суды тазарту мен таратудың блок-модульді станциялары орнатылады. Былтыр – 51, биыл – 52 станция орнатылса, алдағы екі жылішінде тағы осындай 70 станция орнатылмақ. Нәтижесінде, ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жыл соңына дейін 83,2 пайыздан 92,2 пайызға дейін артады. Жалпы облысбойынша халықты таза сумен қамтамасыз ету 96,5 пайызды құрайды.
Сондай-ақ, өңір басшысы жол-көлік логистикасы саласына да тоқталып өтті.
– Биыл біз Өскемен және Үржар әуежайларындағы ұшу алаңдарын қайта жөндедік. Енді ғимараттарды қайта жаңғыртуды жоспарлапотырмыз, – деді Даниал Ахметов. – Облысорталығында қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Үш жыл ішінде отандық кәсіпорындар шығарған және мүгедек адамдарға бейімделген 60 автобус сатып алынады. Алғашқы 13 автобус қазан айынан бастап тұрғындарға қызмет көрсете бастады.
Инфрақұрылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Инвестициялардың жалпы көлемі – 218 млрд теңге. Бұлар – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Семейдегіавтокөлік көпірі, Өскемен және Семейдегі айналмажолдардың құрылысы.
Бұған қоса республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындамытуға, сондай-ақ елді мекендердің көшелерін жөндеуге қомақты қаражат көзделген. Осы мақсатқа биыл 57,5 млрд теңге бағытталды. Біржыл ішінде жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 85-тен 89 пайызға дейінөсіп отыр.