Қоғам

Қажымұқанның 150 жылдық тойы қалай тойланады?

Биыл даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толды. Әлемнің 54 мемлекетінде күресіп, 48 медаль олжалаған балуанның мерейтойы мемелекеттік деңгейде тойланатыны туралы ҚР Мәдениет Министрі айтты.

– Індетке байланысты тойдың басталуы кішігірім деңгейде өтіп жатыр. Алайда алдағы уақытта  іс-шаралар  ілегі республикалық деңгейде өтетін болады. еліміздің түкпір-түкпірінде той жалғасады. Тойды өткізу туралы арнайы іс-шаралар жоспары жасалған. Бабамыздың 150 жылдық тойы лайықты, жоғары деңгейде мерекеленеді. Әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткіземіз, – деді минситр Ақтоты Райымқұлова.

Ал шығыс жұрты қандай іс-шаралар өткізетіні алдағы уақытта белгілі болып қалар. Өйткені күллі қазаққа ортақ тұлғаның тойын тойлап, жас ұрпаққа үлгі ету елге міндет. Осыған дейін Қажымұқанның шығыс жеріне бірнеше рет келіп қайтақан туралы толғамды мақалалар жазылған болатын. Алдағы уақытта да жаңа қырынан жазылатынына күмән жоқ.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button