
Биыл Алтай ауданында оқушылардың сауықтыру жұмыстары мен жазғы демалысын ұйымдастыруға 5 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.
Аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарованың айтуынша, бүгінгі күні аудандық білім бөлімі балалардың жазғы демалысын, жұмыспен қамтылуын және сауықтыруын ұйымдастырудың кешенді жоспарын әзірлеген.
– Білім бөліміне қарасты мекмелерде балалардың жазғы демалысы мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерьлердің карантиндік шектеулер кезіндегі жұмыс алгоритміне сәйкес жүргізілетін болады. Балалардың жазғы демалысы негізінен екі бағыт бойынша ұйымдастырылады. Біріншісі, сауықтыруға бағытталып, мектеп жанындағы «Жемчужина» лагерінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы 100 оқушы демалады. Ал екінші жұмыспен қамту және көңіл-көтеру бағыты бойынша жазғы және мектеп жанындағы лагерьлермен 98 пайыздан астам оқушы қамтылады, – деді Жанна Асқарова.