ТОПФОТОЭТЮД

Қағаз қайық

Әлем тыныш: тынық өзен, тұнық таң.
Судың беті бұлдырайды суықтан…
Бұйра толқын бұлқынуға тұр әзір,
Қағаз қайық бар екенін ұмытқан…

Бұйра толқын тербей қағып тағадан,
Алыстатып бара жатыр жағадан.
«Қайда әкетіп бара жатыр иесіз?»
Елемейді мұны бірақ жан адам!

Бір бәлеге ұрынды ма ұрыншақ…
Кешікті ғой ескегі бар қуыршақ?

Фото: Тілеубек Шаяхмет,

Өлең: Тасқын Болатұлы.

Осы айдарда

Back to top button