Психотроптық дәрілерді рецепсіз босатқан – ШҚО
Облыста есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың төрт фактісі тіркелді.
Заң бұзушылықтар өңірде 24-28 шілде аралығында өткен «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде әшкереленді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Іс-шара барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 18 дәріхана, 11 емдеу мекемесі, 4 кәсіпорын мен ұйым тексерілген-ді.
Тексеру барысында есірткі заттары бар препараттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзуға жол берген медицина қызметкерлеріне қатысты бір қылмыс анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ, дәрілік препаратты рецептсіз босатқан екі фармацевт, есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды техникалық нығайту талаптарын бұзған екі құқық бұзушылық анықталды.
-Қазіргі уақытта материалдар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді, – деді облыстық полиция департаментінде.
Кәмал Естай