Қоғам

«ProEco» республикалық байқауында топ жарды

Балауса Қожаева

Таяуда ел астанасында «ProEco» республикалық жобалар байқауы өтті.  Байқауға Шығыс Қазақстанның атынан  5-8-сынып оқушылары аттанды. Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық сауатын арттыру, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті дамыту.

 Республикалық жобалар байқауының қорытындысы да көз қуантады. Облыстың намысын қорғаған жастар астанадан марапатпен оралды. Үш бірдей оқушы 1 және 2 дәрежелі диплом иегері атанды.

I дәрежелі дипломмен «Үздік экологиялық бастама» бағытында  Аягөз ауданы №1 орта мектебінің 6-сынып оқушылары Нурилла Дәулетқызы мен Толғанай  Еркінқызы марапатталса, II дәрежелі дипломмен «Таза қала сізден басталады» бағытында Семей қаласы №22 орта мектебінің 8-сынып оқушысы  Тамир Хаменов марапатталды.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «ProEco» экологиялық жобалар конкурсында қол жеткізген жетістіктері үшін марапат қағазы Аягөз ауданы №6 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Ерасыл Тұяқовқа табысталды.

Осы айдарда

Back to top button