Қоғам

Президент кубогы сәтсіз басталды

Тасқын Болатұлы

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан Президенті кубогына қатысып жатыр. Бұл – жерлестеріміз үшін жаңа маусым алдындағы бірінші турнир. Жарыс жолындағы қарсыластары «Барыс», «Сарыарқа» және «Куньлунь Ред Стар» сынды элиталық үш хоккей клубы.

«Торпедо» бірінші кездесуін «Куньлунь Ред Старға» қарсы өткізді. Үш шайбаға дейін теңестіргенімен, қарсыластардың төртінші шайбасына қарымта қайтара алмады. Есеп: 3:4.

«Сарыарқаға» қарсы өткізген екінші ойында да жерлестеріміздің жолы болмады. Небары 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Қанжығасында Антон Петров соққан бір гол ғана бар. Естеріңізде болса, «Сарыарқа» бұған дейін 9 тамызда да басым түскен болатын.

Турнир кестесіне көз жіберсек, бірінші орында «Сарыарқа», екінші орында «Барыс», үшінші орында «Куньлунь Ред Стар» келе жатыр. «Торпедоның» ендігі қарсыласы – «Барыс».

 

Осы айдарда

Back to top button