Қоғам

Президент «Казцинкке» республикалық «Парыз» сыйлығының бас жүлдесін тапсырды

Президент «Казцинкке» республикалық «Парыз» сыйлығының бас жүлдесін тапсырды


«Парыз» сыйлығы – Республиканың ең беделді марапаттарының бірі. Сыйлық еліміздегі компанияларға меценаттық қызметі, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесі, әлеуметтік бастамаларды белсенді қолдағаны, қоршаған ортаға және қызметкерлерге қамқорлығы үшін беріледі.

Байқаудың жоғары марапаты жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, ұжымдық, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асырған үміткерлерге табысталады.

11 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Экспо» Конгресс-орталығында жеңімпаздарға марапаттарды тапсырған болатын. Салтанатты шара барысында Президент ірі компаниялардың еліміздегі қайырымдылықты дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

– Елбасының қолынан «Парыз» сыйлығын алу – біз үшін үлкен мәртебе, – дейді «Казцинк» ЖШС бас директоры Александр Хмелев. – Біздің компания табиғатты қорғау шараларына, еңбекті қорғауға, қалалар мен аудандардың инфрақұрылымын жаңғыртуға қомақты қаржы бөліп келеді. Біздің жұмысымыздың мемлекет пен қоғамның жоғары бағасын алғаны біз үшін үлкен маңызға ие.

Атап өтсек, «Казцинк» өткен жылы да аталған байқауға қатысқан болатын. 2010 жылы компания «Үздік әлеуметтік-жауапты компания» және «Инновациялық серпіліс» аталымдарын жеңіп алған еді. Ал 2017 жылы «Казцинктің» Қарағанды облысындағы құрылымы «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі үшін сыйлыққа лайық деп танылды.

Азамат Асхатұлы

Осы айдарда

Back to top button